Омбудменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі өңірдегі мектептер мен колледждерде бірыңғай құқықтық сабақ өткізді

Омбудменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі өңірдегі мектептер мен колледждерде бірыңғай құқықтық сабақ өткізді

Актөбе облысының барлық мектептерінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллинамен адам құқықтары тақырыбында бірыңғай құқықтық сабақ ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты - оқушылардың адам құқықтары туралы білімін арттыру, құқықтық сауаттылығын дамыту, сондай-ақ қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.

Бірыңғай сабақ барысында оқушылар адам құқықтарының халықаралық және ұлттық стандарттарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар құқықтық нормаларды күнделікті өмірде қолдану жолдарын үйреніп, өз құқықтарын қорғау және жеке жауапкершілікті түсіну мүмкіндігіне ие болды.

Сабақ кезінде әртүрлі интерактивтік әдістер қолданылды: пікірталастар, кейс-талдаулар және сұрақ-жауап сессиялары. Мұның барлығы оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттырып, практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді.

Бұл шара облыс бойынша 297 білім беру ұйымында, оның ішінде 263 мектеп пен 34 колледжде өткізілді, оған 16 038 оқушылар мен студенттер гибридті формада (офлайн және онлайн) қатысты. Оқу процесі барысында барлық қатысушылар адам құқықтары туралы маңызды ақпарат алды, өз құқықтары мен міндеттерін нақтырақ түсінді.

Бірыңғай құқықтық сабақтың өткізілуі - өңірде құқықтық мәдениетті арттыру мен жастар арасында адам құқықтарын құрметтеуді насихаттаудың маңызды қадамы болып саналады.