Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы - білім беру саласы мекемелеріне бару қорытындылары

Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы - білім беру саласы мекемелеріне бару қорытындылары

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі жанындағы сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Яйсан арнайы білім беру ұйымы» және «Жайсан көпсалалы колледжі» арнайы білім беру ұйымдарында жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.

Мониторинг қорытындылары бойынша сарапшылармен бірқатар ұсынымдар әзірленген болатын.

Отырыста сарапшылар аталған мекемелердің басшыларын тыңдап, шығарылған ұсынымдардың орындалу барысы жөнінде ақпарат алды.

Отырыс барысында анықталған мәселелерді шешу, білім алушылардың құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарындағы жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар белгіленді.

Сараптамалық кеңес ұсынымдарының орындалуы, оның ішінде мекемелердің медицина мамандарымен жол берілген кемшіліктерінің уақытылы жойылуы атап өтілді.

Бұл - Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі жанындағы сараптамалық кеңестің жұмысының нақты нәтижелері