
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен «Еркіндік рухы» жастардың құқықтары жөніндегі комиссиясының ІІ отырысы өтті.
Қазақстанның барлық өңірлерінен келген Комиссия мүшелерінің қатысуымен гибридті форматта өткен отырыс барысында Уәкіл кеңсесіне жастар тарапынан түскен өтініштерді зерттеудің алдын ала нәтижелері таныстырылды. Қатысушылар Омбудсменнің өңірлік өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейту, жастар белсенділеріне арналған оқыту тренингтерін ұйымдастыру және цифрлық ортада кері байланыс арналарының дамуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар білдірді.
Сондай-ақ Комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп ұсынылып, алдағы кезеңге арналған бастамалар талқыланды.
Қорытындылай келе, Артур Ластаев өңірлік жастар құрылымдарымен өзара іс-қимылдың күшейгенін және Комиссия мүшелерінің құқықтық ағарту жобаларына қатысуының жандана түскенін атап өтті.