Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығына мониторинг

Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығына мониторинг

2025 жылғы 6 қарашада Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі А.Ж.Байдуллина «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығына» мониторингтік сапар жасады.
Сапардың мақсаты - пациенттердің құқықтарының сақталуын, медициналық қызметтердің сапасын және емдеу мекемесіндегі тұрмыстық жағдайды зерделеу болды.
Мониторинг барысында өңірлік өкіл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, санитарлық талаптардың орындалуы, тағам сапасы және жеке бас құпиясын сақтау мәселелерін қарады.
Өкіл сондай-ақ психологиялық қолдау мен шағым беру жүйесінің тиімділігін бағалады.
Мониторинг қорытындысында бірқатар ұйымдастырушылық ұсынымдар беріліп, мекеменің оң тәжірибесі атап өтілді.