
2025 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі А.Ж.Байдуллина Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына мониторингтік сапар жасады.
Мониторингтің негізгі мақсаты - ұсталған азаматтардың құқықтарының сақталуын, ұстау жағдайларының заң талаптарына сәйкестігін және медициналық көмекке қолжетімділігін бағалау болды.
Мониторинг барысында өңірлік өкіл ұстау камераларының санитарлық жағдайын, жарықтандыру мен жылыту деңгейін, азық-түлікпен қамтылуын, бейнебақылау жүйесінің жұмысын және шағымдану тәртібін тексерді.
Өкіл сонымен қатар қызметкерлермен әңгімелесіп, олардың адам құқықтарын сақтау жөніндегі біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Сапар қорытындысы бойынша мекеме әкімшілігіне құқықтық ақпараттандыруды күшейту және тұрмыстық жағдайды жақсарту жөнінде ұсынымдар берілді.