
2025 жылғы 5-қарашада Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі А.Ж.Байдуллина Кобда ауылындағы учаскелік полиция пунктіне барды.
Мониторингтің мақсаты - азаматтардың құқықтарын қорғау, профилактикалық жұмыстың сапасын және халықпен өзара іс-қимыл деңгейін бағалау болды.
Өкіл қызметтік үй-жайларды қарап, қабылдау журналдарын, арыз-шағымдарды тіркеу тәртібін және қызметкерлердің жұмыс жағдайын зерделеді.
Сондай-ақ тұрғындармен әңгімелесу арқылы полицияның қолжетімділігі мен сенім деңгейі талданды.
Нәтижесінде өңірлік өкіл азаматтардың өтініштерін қарау ашықтығын арттыру жөнінде ұсынымдар берді.