
2025 жылғы 5 қарашада Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі А.Ж.Байдуллина Қобда ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына барды.
Мониторингтің басты мақсаты – азаматтарды ұстау жағдайларының халықаралық стандарттарға және ұлттық заңнамаға сәйкестігін анықтау.
Тексеру барысында өкіл ұстау камераларына орналастырылу деңгейін, медициналық көмек көрсету тәртібін, азық-түлік сапасын және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бағалады.
Сонымен қатар, ұсталған тұлғалардың туыстарымен байланыс жасау және адвокаттарға қолжетімділік мәселелеріне назар аударылды.
Өкіл мекеме басшылығына ұсынымдар беріп, құқықтық тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығын атап өтті.