Алға қаласындағы №1 учаскелік полиция пунктінде мониторинг жүргізілді

Алға қаласындағы №1 учаскелік полиция пунктінде мониторинг жүргізілді

Құқықтық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету және полиция қызметін бақылау мақсатында өңірлік өкіл Байдуллина А.Ж. Алға қаласындағы №1 учаскелік полиция пунктіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығы, құқықтық ақпаратқа қолжетімділік және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары тексерілді. Өкіл ұсыныстар беріп, құқықтық мәдениетті арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.