Адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында өңірлік өкіл Байдуллина А.Ж. Алға ауданының полиция бөлімінің Уақытша ұстау изоляторында мониторинг жүргізді.
Тексеру барысында мекеменің материалдық-техникалық жағдайы, қызметкерлердің кәсіби даярлығы және ұсталған азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігі бағаланды.
Мониторинг нәтижесінде өңірлік өкіл бірқатар ұсынымдар беріп, адам құқықтарын сақтау мәдениетін нығайту бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.