Кандыағаш қаласындағы №3 учаскелік полиция пунктінде мониторинг жүргізілді

Кандыағаш қаласындағы №3 учаскелік полиция пунктінде мониторинг жүргізілді

Азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау және учаскелік полицияның қызметін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі Байдуллина А.Ж. Кандыағаш қаласындағы №3 учаскелік полиция пунктіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында учаскелік полицияның қызмет көрсету сапасы, азаматтардың құқықтарын қорғау, құқықтық ақпаратқа қолжетімділік және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды. Өңірлік өкіл қызметкерлердің жұмысын бағалап, қажетті ұсынымдар берді.