Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі А.Ж.Байдуллина Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің Уақытша ұстау изоляторында жоспарлы мониторинг өткізді.
Мониторинг барысында азаматтардың ұсталу мерзімдері, тамақтану сапасы, санитарлық жағдай және медициналық көмек алу мүмкіндігі қаралды.
Мониторинг нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Өңірлік өкіл адам құқықтарын сақтау мәдениетін нығайту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, анықталған мәселелер бойынша нақты ұсынымдар берді, нәтижесі бақылауда болмақ.