Омбудсмен өкілі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Омбудсмен өкілі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

2025 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллина өңірлік «Азаматтық орталық» коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығының басшылығымен және азаматтық қоғам белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесу адам құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын дамыту мәселелеріне арналды.

Диалог барысында қатысушылар өңірдегі өзекті құқықтық мәселелерді, азаматтардың өтініштерін қарау тәжірибесін және әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау тетіктерін талқылады.

Өкіл азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесудің ашықтығы мен тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, бірлескен іс-шаралар мен құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

Кездесу жылы және сындарлы атмосферада өтті. Тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және адам құқықтарын ілгерілету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.