Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллинаның Мемлекеттік басқару академиясының филиалында мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және Омбудсменнің рөлі» тақырыбындағы дәрісі кезінде материалды бекіту мақсатында интерактивті «ми шабуылы» әдісі қолданылды.
Тыңдаушылар бірнеше топқа бөлініп, татуластырушы мен құқық қорғаушының рөлдерін ойнап көрді. Әр топ өмірден алынған мысалдар негізінде қақтығыс жағдайын талдап, оны шешудің әділ әрі тиімді жолдарын ұсынды.
Айта кету керек, тыңдаушылар белсенділік танытып, пікір алмасуға зор қызығушылықпен қатысты. Топтар өз ойларын еркін білдіріп, шынайы жұмыс жағдайында кездесетін дауларды шешудің түрлі тәсілдерін ұсынды.
Осындай тәжірибелік формат дәрістің мазмұнын жандандырып, қатысушылардың құқықтық мәдениетін, коммуникациялық және медиациялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.