2025 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллина мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облыстық филиалы тыңдаушыларына арналған дәріс өткізді.
Дәрістің тақырыбы – «Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және Омбудсменнің рөлі».
Іс-шара барысында өкіл азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешуде медиацияның, диалог мәдениетінің және адам құқықтарын қорғаудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ, қатысушыларға Омбудсмен институтының қызметі, оның қоғам мен мемлекет арасындағы көпір ретіндегі миссиясы туралы түсіндірілді.
Адамның 40 негізгі іргелі құқықтары жайында баса айтылды.
Тыңдаушылар нақты мысалдар арқылы бейбіт келісім тәсілдерін, құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын және өзара түсіністікті нығайту әдістерін талқылады.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің адам құқықтарын қорғау мәдениетін арттыру және қақтығыстарды өркениетті жолмен шешуге дағдыландыру.