2025 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласы Дін істері басқармасының жанындағы «Qamqor - Astana» қоғамдық қорының өкілдері мен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының қызметкерлері арасында кездесу өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, осы саладағы соңғы үрдістер, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен қоғамдағы өзара диалогты нығайту мәселелері талқыланды.
Негізгі тақырыптар халықтың діни салалардағы білім деңгейін көтеру, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың бірлесіп жұмыс істеуі арқылы қайшылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне арналды.