Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Актөбе облысы бойынша өкілі А.Ж. Байдуллина 2025 жылғы 23 қыркүйекте «Тандем Радиосы» эфирінде азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына арналған сұхбат берді. Шара Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Эфир барысында өкіл азаматтардың конституциялық құқықтары, олардың қорғалуының маңызы, заңнамалық негіздер және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы практикалық шаралар туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың құқықтық мәдениетті нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды.