2025 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Ақтөбе облысындағы өкілі А.Ж. Байдуллина Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №70 мекемесінде (тергеу изоляторы) және орташа режимдегі №8 мекемесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында қамауда отырған азаматтар өз құқықтарын қорғау, ұстау жағдайлары және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін жеткізді.
Өкіл әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме беріп, қажетті органдардың қарауына жолдау бойынша шаралар қабылдады.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.