2025 жылғы 6 тамызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңестің жоспарлы отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде сарапшылар келесі мәселелерді қарады:
Сарапшылар өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы - «Аяла» КММ-на жүргізілген мониторинг нәтижелерін талқылады. Балалардың құқықтарын сақтау мен өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстардың орындалуы бағаланды.
Уәкілдің тапсырмасына сәйкес жастармен тиімді жұмыс жүргізу бағытындағы ұсыныстар қаралды. Осы орайда 2025 жылғы қыркүйек айында «Дискриминацияға қарсы іс-қимыл: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта іс-шараға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Отырыс барысында әлеуметтік мекемелерді тұрақты мониторингілеудің маңыздылығы және жастармен құқықтық бағыттағы жұмысты кеңейту қажеттілігі атап өтілді. Барлық ұсыныстар назарға алынып, нақты жауаптылар мен орындау мерзімдері белгіленді.