Шалқар ауданы активімен заңнамадағы жаңалықтар бойынша түсіндіру жұмыстары

Шалқар ауданы активімен заңнамадағы жаңалықтар бойынша түсіндіру жұмыстары

Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж. Байдуллина «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.М.Сағындықовамен бірлесе аудан активімен кездесу өткізіп, заңнамадағы өзекті өзгерістер мен жаңа нормалар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

М.М.Сағындықова еңбек заңнамасы бойынша жан-жақты түсіндірме жүргізді, Өкіл өз кезегінде нормативтік актілердің қолдану практикасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы түсіндірді.

Кездесу соңында азаматтар өкілдің жеке қабылдауына кірді.