«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметімен танысу

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметімен танысу

Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж. Байдуллина облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі М.М. Сағындықовамен бірге «Жанұя» отбасын қолдау орталығына барып, оның қызметімен танысты.

Орталық отбасы институтын нығайту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында кешенді жұмыстар атқарып келеді.

Кездесу барысында мекеме басшылығы және мамандармен отбасындағы қиындықтарды ерте кезеңде анықтау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдауға қолжетімділік, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Өкіл отбасы институтын қолдау және отбасылардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы кешенді тәсілдің жалғасуы маңызды екенін атап өтті. Сапар қорытындысы бойынша Комиссиямен бірлескен ұсынымдар әзірленетін болады.