Өкіл Шалқар ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің қызметімен танысты

Өкіл Шалқар ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің қызметімен танысты

2025 жылғы 28 шілдеде Шалқар ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллина облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі М.М.Сағындықовамен бірлесіп «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысты.

Аталған орталық егде жастағы азаматтардың белсенді өмір сүру салтын насихаттап, олардың әлеуметтік, медициналық, мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Орталықта зейнет жасындағы адамдарға арналған бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін түрлі үйірмелер, денсаулықты нығайтатын шаралар, психологиялық және құқықтық кеңестер ұйымдастырылады.

Өкіл орталық қызметкерлерімен және қызмет алушылармен әңгімелесіп, олардың құқықтық жағдайына, медициналық қызметтерге қолжетімділігіне және тұрмыстық жағдайына назар аударды. Кездесу барысында ардагерлер мен зейнеткерлер өз ұсыныстары мен алғыстарын білдірді.

Бару нәтижесі бойынша Комиссиямен бірлескен ұсынымдар шығарылатын болады.