Құқық қорғау институтының өкілі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шара балаларды интернеттегі қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне арналды.
Бұл тақырып Омбудсмен институтының қызмет бағыттарымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамыту және балалардың цифрлық ортада қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін күшейту мәселелері қаралды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық қорлардың, IT-компаниялардың және елдегі жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында қатысушылар цифрлық кеңістіктің балалар мен жасөспірімдерге төндіретін қаупін, олардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және практикалық шараларды қабылдау қажеттілігін, сондай-ақ бұл саладағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.