Жергілікті баспасөз беттерінде өкілдің құқықтық ағартушылық мақалалары жариялануда

Жергілікті баспасөз беттерінде өкілдің құқықтық ағартушылық мақалалары жариялануда

Адам құқықтарын қорғау - кез келген демократиялық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Осы тақырыпқа арналған Омбудсменнің өңірлік өкілінің мақаласы «Жем-Сағыз» газетінің шілде айындағы санында жарық көрді.

Мақалада адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заңның үстемдігі және мемлекеттік органдардың азаматтар алдындағы жауапкершілігі кеңінен баяндалған.

Мақалада атап өтелгендей, құқықтық мемлекет құру – әрбір адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуден басталады.

Мақаламен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://zhemsagyz.kz/zan-tartip/adamnyn-irgeli-kukyktaryn-korgau-memlekettin-basty-mindeti/