2025 жылдың 16 шілдесінде Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында азаматтар коммуналдық тұрғын үй алу кезегінің ілгерілеуі, диагноз қоюдың заңдылығы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша өтініш білдірді. Әрбір өтініш мұқият қаралды, тиісті түсініктемелер мен құқықтық көмек көрсетілді.
Жеке қабылдаудың қорытындысы бойынша азаматтардың өтініштері бақылауға алынып, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданатын болады.
Өкілдің қабылдауы құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған тұрақты жұмыс шеңберінде өткізілді.