Полиция департаментінің ақпараттық-ахуалдық орталығына бару: цифрландыру, қауіпсіздік және адам құқықтары

Полиция департаментінің ақпараттық-ахуалдық орталығына бару: цифрландыру, қауіпсіздік және адам құқықтары

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ақпараттық-ахуалдық орталығына барды.

Орталыққа бару барысында Полиция департаментінің басшылығы Ситуациялық орталықтың қызметі, техникалық жабдықталуы, сондай-ақ өңірдегі криминогендік жағдайды бақылау және жедел әрекет ету бойынша негізгі міндеттері туралы ақпарат ұсынды. Орталықтың одан әрі дамуы, қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту, мәліметтерді талдау технологиялары мен бейнебақылау жүйелерін енгізу жоспары айтылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А. Нугманов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде инновациялық шешімдердің маңыздылығын атап өтіп, инфрақұрылымды кешенді дамыту мен цифрлық қауіпсіздікті нығайтудың қажеттілігіне назар аударды.

Орталық қызметінің ашықтығы мен айқындығының, жедел әрекет ету тиімділігі мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттілігінің маңыздылығына,  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде бейнебақылау және жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде этикалық стандарттарды сақтаудың маңыздылығына назар аударылды.

Бару қорытындысы бойынша халықпен өзара әрекеттестікті күшейту және орталық қызметі туралы ақпараттың азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.