Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне барды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Б.Ж. Наутиев қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы Жаңа Қазақстанның тірегі ретіндегі ғылыми-білім беру жүйесінің рөлін талқылау болды.
Іс-шара барысында университет басшылығымен кездесу өткізіліп, Университет ректоры Л.Ч.Қарабасованың Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын және Құрылтай қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді іске асыру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ университеттің даму перспективалары туралы баяндамасы тыңдалды.
Кездесуге сондай-ақ облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық жұмыстар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысты.
Кездесуде білім беру бағдарламаларына адам құқықтарына қатысты тақырыптарды енгізудің, жастардың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырудың, сондай-ақ жаңартылған мемлекеттік саясат аясында адам құқықтары құндылықтарын ілгерілетудегі жоғары оқу орындарының рөлін арттырудың маңыздылығына назар аударылды. Ақпараттық ашықтық, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және қоғамдық сектор үшін кадрлар даярлау барысында заманауи тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.