Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері - сарапшылар тобының қатысуымен «Аяла» өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында балалардың құқықтарының сақталуы мен тәрбиелену жағдайларын бағалау мақсатында мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында сарапшылар К.Ж.Байгазин, С.Н.Казыбаева, Д.Ж.Анапин тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайлары; медициналық қамтамасыз ету деңгейі; білім беру, дамыту және мәдени іс-шараларға қолжетімділігі; санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы; балалардың зорлық-зомбылық пен кемсітуден қорғалуға деген құқықтарының қамтамасыз етілуіне мониторинг жасады.
Сарапшылар тарапынан жекелеген кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша мекеме әкімшілігі мен уәкілетті органдарға ұсыныстар беріліп, мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар мен қорытындылар қамтылған талдамалық есеп дайындалды.