Өкіл ҚР ІІМ ҚАЖК №70 мекемесінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Өкіл ҚР ІІМ ҚАЖК №70 мекемесінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Омбудсменнің Ақтөбе облысындағы өкілі 8 шілде  2025 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК № 70 мекемесінде ұсталатын азаматтарды жеке қабылдады

 Қабылдау барысында өтініш берушілер медициналық көмек көрсетуге байланысты мәселелерге, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдармен жүгінді. Қабылдау нәтижелері бойынша өкіл уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар дайындап, жолдады.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау аймақтағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.