ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі А.Ж. Байдуллина 2025 жылғы 30 маусым күні азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемедегі тұрмыс және санитарлық жағдайлар бойынша шағымдар айтылды.
Азаматтар қызмет алушылардың жеке бас гигиенасын қамтамасыз ету құралдарының жеткіліксіздігі, сондай-ақ тамақтану мен медициналық көмек көрсету сапасы жөнінде мәселелер көтерді.
Уәкіл өкілі келіп түскен мәселелерге ден қойып, шағымдар бойынша мақсатты жұмыстарды бастау, оның ішінде оларды тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолдау, сондай-ақ мекемеге мониторингтік сапар ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемелерде қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіп отырады.