Омбудсмен өкілі әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырған ауыл әйелдеріне арналған семинарға қатысты

Омбудсмен өкілі әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырған ауыл әйелдеріне арналған семинарға қатысты

 «SARQYT» этномәдени орталығында «Замануи әйел: отбасы және мансап» атты ауыл әйелдеріне арналған семинар-тренинг 2025 жылғы 26 маусымда өтті. Шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өңірлік өкілі А.Ж.Байдуллина қатысты.

 

Семинардың мақсаты – ауылдық жерлердегі белсенді, өзіне сенімді әйелдерді жергілікті саясатқа, қоғамдық кеңестерге, мәслихаттарға және әлеуметтік бастамаларға қатысуға ынталандыру және даярлау болды.

 

Семинар барысында қатысушылар шешендік өнер, қаржылық сауаттылық, көшбасшылық қабілеттер, бастамашылық және идеяны жүзеге асыру тәсілдері бойынша практикалық дағдыларды меңгерді.

 

Семинар жұмысына сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сүлейменова Ләззат Жаңылысқызы қатысып, әйелдердің саясатқа араласуы, әлеуетін жоғарылатуы турасында түсіндірді.

 

Іс-шара қорытындысында 80 қатысушы маңызды тәжірибелерге ие болды.