Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы 2025 жылғы 25 маусымда өтті. Отырысты Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өңірлік өкілі А.Ж. Байдуллина жүргізді. Іс-шараға сарапшылар А.А. Тоқсанбаева, Д.Ж. Анапин, С.Н. Қазыбаева және К. Нұрлин қатысты.
Жиында репродуктивті жастағы әйелдер мен жыныстық жетілу кезеңіндегі қыздардың денсаулығына қатысты мәселелер талқыланды. Бұл бағытта 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жабық мекемелердегі медициналық көмектің жай-күйін қарау үшін мониторинг өткізу ұсынылып, сарапшылар ұсынысты бірауыздан қолдады. Қатысушылар аталған мекемелердегі медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен жұмыс жасау туралы уағдаласты. Кеңес барысында бірқатар ұсынымдар әзірленіп, олар уәкілетті органдарға жолданатын болады.