2025 жылғы 5 маусымда ҚР Ішкі Істер Министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» челлендж-флешмобы аясында Ақтөбе өңірінен облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен өткен іс-шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина қатысты.
Бұл бастама қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын дәріптеу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Аталған акция – қоғам назарын өзекті әлеуметтік мәселеге аудартуға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Челлендж Атырау облысына әрі қарай жолданды.