Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі мектеп омбудсмендерімен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі мектеп омбудсмендерімен кездесті

2025 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина облыс аудандарынан келген мектеп омбудсмендерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, оқу орнындағы психологиялық қауіпсіздік, буллингтің алдын алу, білім беру процесіне қатысушылар арасындағы өзара құрметті қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Өкіл мектеп омбудсмендерінің құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы және оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы мен БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясынан негізгі нормалар түсіндірілді.

Кездесу интерактивті форматта өтті, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мазалаған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды.