Омбудсмен өкілі «Жан Ахуал» психологиялық қолдау орталығының жұмысымен танысты

Омбудсмен өкілі «Жан Ахуал» психологиялық қолдау орталығының жұмысымен танысты

2025 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина Ақтөбе облысы Білім басқармасына қарасты «Жан Ахуал» психологиялық қолдау орталығының қызметімен танысты.

Сапар барысында өкіл орталықтың балалар мен жасөспірімдердің психо-эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, буллингтің алдын алу, отбасылық даулар мен қиын өмірлік жағдайларға тап болған балаларға психологиялық көмек көрсету бағытындағы жұмысын қарады.

Орталық мамандарымен әңгіме барысында балалардың құқықтарын қорғаудағы профилактикалық шаралардың маңыздылығы, ерте араласу тетіктері мен білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің рөлі талқыланды.

Өкіл орталық жұмысына оң баға беріп, оның қызметі білім беру жүйесіндегі балалардың құқықтарын кешенді қорғау ісінде маңызды екенін атап өтті және өзара іс-қимыл туралы орталық басшылығымен уағдаласты.