Омбудсменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі қылмыстық атқару жүйесінің №70 мекемесінде сотталған әйелдерді жеке қабылдады

Омбудсменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі  қылмыстық атқару жүйесінің №70 мекемесінде  сотталған әйелдерді жеке қабылдады

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы облысы бойынша өкілі Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің «№70 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесі – тергеу изоляторына мониторинг кезінде ондағы сотталған әйелдерді жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауда сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығы және денсаулық сақтау сұрақтары бойынша мәселелер айтылды.

Аталған сұрақтарға байланысты заңға сәйкес түсіндірмелер берілді, сонымен бірге денсаулық жағдайы бойынша жүгінген азаматшаның мәселесі сол жерде шешіліп, құқықтары қорғалды.