Белсенді азаматтық қоғаммен дөңгелек үстел өткізілді

Белсенді азаматтық қоғаммен дөңгелек үстел өткізілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин адам құқықтары саласындағы өңірлік шаралар жоспарына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына «Дағдарыс орталығы – Қорғау» ЖҚ басшысы А.И.Рыль, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Э.А.Солтабаева, «Полигон 21» ҚБ атқарушы директоры М.Ж.Абенова, «Revival 7 жергілікті қоғамдастықтарды дамыту фонд» өкілі А.Садиков, адвокаттар алқасының адвокаты Е.М.Аккужанов және басқа да белсенді азаматтар қатысты, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының және соттардың өкілдері.

Кездесу барысында уәкілдің өкілі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстаудың проблемалық мәселелері бойынша өңірлік сараптамалық кеңес жүргізген зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Мәселен, Абай облысының аумағында тергеу изоляторының болмауына байланысты тергеу-қамауға алынған адамдар ұзақ уақыт Семей қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында (УҰИ) ұсталады, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тергеу изоляторына жүйелі түрде айдауылданады және кері қайтарылады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша тергеу әрекеттері мен сот процестерінің ұзақтығын ескере отырып, күдіктілер мен айыпталушы адамдар УҰИ жағдайында бірнеше ай бойы ұсталады. Бұл ретте күрделі жөндеу ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген УҰИ камералары мен үй-жайларының санитарлық-тұрмыстық жағдайының кемшіліктері байқалады.

«Абай облысының құрылыс басқармасы» ММ жобалау ұйымымен «Семей қаласында 400 орындық тергеу изоляторының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге меморандум жасасты, Семей қаласында жер учаскесі бөлінді, алайда 2025 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сараптаманың теріс қорытындысы алынды.

Осылайша, Семей қаласында тергеу изоляторын салу мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

Сондай-ақ, қатысушылар Абай облысы тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендердің құқықтарын, бейбіт жиналыстарға құқықтарды, еркін сайлау құқығын, онлайн-кредит беру арқылы алаяқтық проблемаларын және т.б. қозғайтын өзге де мәселелерді көтерді.