Уәкілдің өкілі Әдеп жөніндегі кеңестің отырысына қатысты

Уәкілдің өкілі Әдеп жөніндегі кеңестің отырысына қатысты

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Отырыста «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1 тармағы 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері бойынша Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылдық округінің әкімі М.А.Сыдыковқа және Баршатас ауылдық округінің әкімі А.А.Адилжанға қатысты тәртіптік іс қаралып, нәтижелері бойынша комиссия аталған лауазымды тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.