Семей қаласының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бару

Семей қаласының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бару

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин психоневрологиялық патологиясы бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Семей қаласының №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

Бару барысында барлық тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды аралау жүргізілді, ұстау, тамақтану, медициналық қамтамасыз ету шарттары тексерілді.

Орталықтың басшылығымен және қызметкерлерімен заңнамалық новеллалар, адам мен азаматтың қырық іргелі құқықтары, сондай-ақ азаптаудың және басқа да адамгершілікке жатпайтын, қатыгез немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Превентивтік бару нәтижелері бойынша Абай облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынымдар жолданды.