Семей қаласындағы №10 мектеп оқушыларына дәріс өткізілді

Семей қаласындағы №10 мектеп оқушыларына дәріс өткізілді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Дулат Жұмагелдин Семей қаласының №10 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына дәріс өткізді. 

Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген және туғаннан бастап әрқайсысына тиесілі негізгі 40 іргелі адам құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамалық новеллалар жеткізілді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттің құқық қорғау жұмысының едәуір күшейтілгені туралы хабарланды, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі міндеттері мен оң мысалдар келтірілді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесудің тиімді құралы болып табылады.