Семей қаласының арнайы мектеп-интернатына алдын ала бару

Семей қаласының арнайы мектеп-интернатына алдын ала бару

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Семей қаласының №4 арнайы мектеп-интернатына барды. 

Арнайы мектеп-интернатқа барудың негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың тұру жағдайлары мен көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, мекеменің жұмысы туралы объективті түсінік алу үшін қызметкерлермен және балалармен әңгімелесу болып табылады.

Сонымен қатар, құқықтық ағарту шеңберінде уәкілдің өкілі мектеп ұжымына балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық новеллаларды, сондай-ақ адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын түсіндірді.