
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдардың жеке қабылдауларын тұрақты негізде жүргізеді.
Қабылдау барысында бас бостандығынан айыру орындарында ұстау, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау үшін туыстарын тұрғылықты жеріне ауыстыру мәселелері талқыланды.
Жеке қабылдаулар азаматтардың құқықтарын түсіндіріп қана қоймай, қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін маңызды құрал болып табылады.