Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №23 мекемесіне жұмыс сапарымен барды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №23 мекемесіне жұмыс сапарымен барды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №23 мекемесіне жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына тікелей мониторинг жүргізуге, сондай-ақ пенитенциарлық мекемедегі істердің ағымдағы жай-күйімен танысуға бағытталды.

Сапар барысында Омбудсмен өкілі мекеме аумағын, соның ішінде тұрғын жайларды, асхананы, медициналық бөлімді және сотталғандардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да инфрақұрылымдық объектілерді егжей-тегжейлі аралап шықты. Сапар аясында жеке құрам мен арнайы контингентті ұстаудың материалдық-тұрмыстық жағдайларын, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, тамақтандыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ ұстау жағдайларының ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексеруге ерекше назар аударылды.

Сапар барысында жеке блок ретінде №23 мекеме басшылығымен жұмыс кеңесі өтіп, онда мониторинг қорытындылары шығарылды және пенитенциарлық жүйеде адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша бірлескен қадамдар белгіленді. Сапар соңында Уәкіл өкілі заңдылықты, ашықтық пен ізгілікті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау институттары мен қылмыстық-атқару жүйесі органдары арасындағы тұрақты сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.