«№11 ЖОББМ» КММ оқушыларына арнап «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбында дәріс

«№11 ЖОББМ» КММ оқушыларына арнап «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбында дәріс

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдін Абай облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері және «Еркіндік рухы» жастар істері жөніндегі комиссиясының мүшесі Б. Тұрысбекова Семей қаласының «№11 ЖОББМ» КММ оқушыларына арнап «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына Қазақстандағы Омбудсмен институты, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері және өңірлік өкілдік жұмысының негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Дәріс аясында «Адал азамат» идеалдары тұрғысынан азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңға бағынушылық, парасаттылық және адам құқықтарын құрметтеу принциптері мәселелері толық қозғалды. Спикер өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, кәмелетке толмағандардың әртүрлі өмірлік жағдайлардағы құқықтарын, міндеттері мен заңды жауапкершілігін сезінуіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, талқылау барысында әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі рөлі, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және реттеу процестеріне қатысу мәселелері де сөз болды. Дәріс қорытындысы бойынша болашақ түлектердің бойында жоғары құқықтық сананы қалыптастыру және мемлекеттік құқық қорғау институттары мен Семей қаласының мектеп қауымдастығы арасындағы байланысты нығайту мақсатында алдағы уақыттағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.