
Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д. Жұмагелдин Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа барды.
Сапар барысында тәрбиеленушілердің тұру және оқу жағдайлары, оқу және жатын бөлмелерінің санитарлық тазалығы, қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ мекемедегі кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тексерілді. Ерекше назар білім беру процесін ұйымдастыру, күн тәртібін сақтау, орналастыру шарттары, тиісті медициналық көмек көрсету және қажетті санитарлық-тұрмыстық жағдайларға қолжетімділік талаптарының орындалуына аударылды.
Уәкілдің өкілі мекеменің жұмысын ұйымдастырумен танысып, әкімшілік және педагогтер құрамымен әңгімелесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі, оның негізгі қағидаттары мен құндылықтары, сондай-ақ бала құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, «Адал азамат» идеалдары контекстінде заңға бағыну, адалдық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың әртүрлі өмірлік жағдайлардағы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелері сөз болды.
Әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, сондай-ақ жанжалдардың алдын алу және оларды реттеу процестеріндегі рөлі мен қатысуы мәселелеріне жеке тоқталынды.