«Медицина қызметкерлерінің еңбек және кәсіби құқықтарын қорғау» тақырыбында «СМУ» КеАҚ-да дәріс өтті.

«Медицина қызметкерлерінің еңбек және кәсіби құқықтарын қорғау» тақырыбында «СМУ» КеАҚ-да дәріс өтті.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында өткізілетін «Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д.Жумагельдин, Семей медицина университеті госпиталінің директоры Б.Азизов және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Қ. Жөкебаевпен бірлесе Семей медицина университеті госпиталінде «Медицина қызметкерлерінің еңбек және кәсіби құқықтарын қорғау» тақырыбында дәріс өткізді.

         Дәріс барысында медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы мәселесі, олардың нақты жүзеге асырылуы, қорғау тетіктерінің қолжетімділігі және медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығының маңызы, медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтары, медицина қызметкерлеріне қатысты еңбекақы төлеу және тағы басқа өзекті тақырыптарды көтерді.

         Мемлекеттік еңбек инспекторы Қ. Жөкебаев өз кезегінде жалақы, еңбек өтілі үшін қосымша төлемдер, біліктілікке, ерекше еңбек жағдайларына байланысты үстемақылар және ынталандырушы төлемдер, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарымен, еңбек шартымен танысуы, қауіпсіздік техникасын ұстану және басқа да манызды мәселелерді атап өтті.

         Дәріс аясында медицина қызметкерлері туындаған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауап алды.

         Аталған іс-шараның соңында Семей медицина университеті госпиталінің директоры Б.Азизов жұмыс беруші тарапынан қызметкерлерге заң талаптары толыққанды түсіндіріледі деп қорытындылады.