Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Курчатов қаласы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына барды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Курчатов қаласы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына барды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Курчатов қаласы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына барды.

Уақытша ұстау изоляторына бару барысында қамауда ұсталған адамдарды ұстау жағдайлары, камералар мен қызметтік бөлмелердің санитариялық жағдайы, қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ ұсталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы қаралды. Уақытша ұстау изоляторда адамдарды ұстау кезінде белгіленген талаптардың сақталуына, режимнің ұйымдастырылуына, орналастыру жағдайларына, медициналық көмекпен қамтамасыз етілуіне және қажетті санитариялық-тұрмыстық жағдайларға қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.

Уәкілдің өкілі уақытша ұстау изоляторының жұмысын ұйымдастырумен танысып, изолятор қызметкерлерімен әңгімелесу жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтының қызметі, оның негізгі қағидаттары мен құндылықтары, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілік, заңға бағыну, адалдық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттары «Адал азамат» идеалдары тұрғысынан, сондай-ақ әртүрлі өмірлік жағдайларда азаматтардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелері қозғалды.

Жекелеген түрде әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен қатысуы, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және оларды реттеу үдерістеріне қатысу мәселелеріне назар аударылды.