Үйлестіру кеңесінің отырысы

Үйлестіру кеңесінің отырысы

6 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Омбудсмен Артур Ластаевтың төрағалығымен өткен отырыс барысында Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушыларына арналған алдын ала барулардың сапасын қамтамасыз ету және ұсынымдар әзірлеу мәселелері бойынша вебинарлар кестесі бекітілді.

Оқыту аясында өз тәжірибелерімен Үйлестіру кеңесінің мүшелері мен адам құқықтары саласындағы сарапшылар бөліседі.

Сонымен қатар, отырыс барысында кеңестің және ҰАТ-тың қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Адам құқықтары бойынша уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі – ҰАТ қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңестік орган.

Ұлттық алдын алу тетігі азаптау немесе басқа да қатыгездіктің алдын алу миссиясын атқарады. Осы мақсатта оның қатысушылары қоғамнан оқшауланған және бостандықтан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеу ұйымдарына, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге алдын ала бақылау жасауға барады.