«Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбындағы семинар

«Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбындағы семинар

2026 жылғы 20 ақпан
Абай облысының Мансап орталығында
«Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу өтті.

Іс-шараға
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының Абай облысы бойынша өкілдігінің бас маманы қатысты.

Кездесу барысында жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар мәселелері, сондай-ақ жұмыс берушілердің тиісті жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу шарттары түсіндірілді.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына және жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шаралар жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға және еңбек саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.