
18 ақпанда Семей қаласында балалардың құқықтарын қорғау және «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» жаңа Заңды іске асыру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сот, қамқоршылық және қорғаншылық органдары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар мен білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірге ерекше режимдегі арнайы мектептерге балаларды жолдау кезінде туындайтын практикалық және өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Балаларға қатысты кез келген шешім қабылдау кезінде олардың құқықтары, мүдделері мен қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болуы тиіс екені ерекше атап өтілді.