
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бөйынша өкілі
Д. Жұмагелдин ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекованың қатысуымен өткен қоғамдық кеңес мүшелерінің кездесуіне қатысты.
Кездесуге «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы, жергілікті атқарушы орган өкілдері және қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, қоғамдық кеңестердің қазіргі рөлі мен даму бағыттары туралы сөз қозғап, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының мақаласында көтерілген негізгі бағыттар, жасанды интеллектіні дамыту мен оны қоғам өміріне енгізу мәселелері, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің құқықтық нормаларын жетілдіру және өзге де өзекті тақырыптары талқыланды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.